Өскеменде жылу электр орталығы салынады

Өскеменде жылу электр орталығы салынады

Өскемен қаласында жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланған. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов айтып берді, деп хабарлайды Dalanews.kz Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа жылу электр орталығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынбақ. Жоба жылу қуатының тапшылығын жоюға және қаланы дамыту үшін қажетті резервті құруға мүмкіндік береді. Бүгінде өңірде жылу қуатына деген қажеттілік 1232 Гкал/сағ құрайды.

Сондай-ақ Өскемен қаласында жылу энергиясының тапшылығын төмендету мақсатында 2023 жылғы желтоқсанда «Өскемен жылу желілері» АҚ №2 қазандықты кеңейту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды, бұл жоба жылу көзін сағатына 100 Гкал-ға ұлғайтуға бағытталған.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Энергетика министрлігімен жылу қуаты 130 Гкал/сағ болатын 16-шы қазандық агрегатын салуға инвестициялық келісімге қол қойды, ал «Согра ЖЭО» ЖШС-де қуаты 60 Гкал/сағ болатын төртінші қазандық агрегатын салуға келісім жасасу мәселесі пысықталуда.