Freedom Inside '26

Үш өңірде сел жүруі мүмкін

Үш өңірде сел жүруі мүмкін
видео кадры

Қазақстанның үш облысының тұрғындарына сел жүру қаупіне байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметінше, 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл облыстары мен Жетісу облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында аптап ыстық пен нөсер жауын қатар болжанып отыр. Мұндай ауа райы тау беткейлерінен ағын күшеюіне және өзендердегі су деңгейі көтерілуіне себеп болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, кейбір аумақтарда сел жүру және көшкін қаупі сақталады.

Айта кетейік, 1 шілдеде нөсер жауыннан кейін Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарындағы бірнеше елді мекенді су басты. Сондай-ақ, демалыс аймақтары да су астында қалды.