Қазақстанда жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатқанымен, кейбір жүргізушілер қауіпсіздік талаптарын елемей, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіруде, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода жол жөндеу жүріп жатқан учаскеде көлік кептелісі пайда болғаны көрінеді. Алайда кезегін күткісі келмеген бірнеше жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып, қозғалысты қиындатқан. Соның салдарынан жолдың екі бағытында да көліктердің жүруі қиындап, кептеліс одан әрі ұлғайған.
Мұндай жағдайлар жаз мезгілінде жиі қайталанады. Себебі дәл осы кезеңде еліміздің көптеген өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жол қауіпсіздігі мамандарының айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде уақытша жол белгілері мен реттеушілердің нұсқауын сақтау. Ал қарсы жолаққа шығу тек жүргізушінің өзіне ғана емес, қарсы бағыттағы көліктерге де үлкен қауіп төндіреді.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, қарсы қозғалыс жолағына заңсыз шығу жүргізуші куәлігінен айыруға дейінгі жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Бұған дейін де мұндай құқық бұзушылықтар үшін жүргізушілер жауапқа тартылған.
Желі қолданушылары мұндай әрекеттердің салдарынан жол жөндеу жұмыстарының өзі ұзаққа созылып, кептеліс одан сайын ұлғаятынын айтып, жүргізушілерді жол мәдениетін сақтауға шақыруда.