Өскеменде екі жаңа мектеп салынады

Ақтоты Жапатова 21 ақп. 2025 11:27 376

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Прапорщиково ауылында, 23-шағын ауданда және Қасым Қайсенов кентінде мектеп салу бойынша нақты тапсырмалар берді,– деп хабарлайды Dalanews.kz 

Облыс әкімдігінің отырысында ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов Прапорщиково ауылы мен Қасым Қайсенов кентінде жаңа мектептер салу үшін жер учаскелері анықталғанын мәлім етті.

Болашақта қажетті жобалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Нұрымбет Сақтағанов білім басқармасына бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Жаңа мектептер облыс орталығында орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар