Осы микроқаржы ұйымдарынан сақ болыңыз! ҚМА заңсыздықты әшкереледі

Сағыныш Сардарова 27 нау. 2025 11:41 861

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олар:

  • Creditum МҚҰ,
  • Sofi Finance МҚҰ,
  • Hava Finance МҚҰ,
  • SF Offline МҚҰ,
  • POS Credit МҚҰ,
  • "Сәлем Кредит" МҚҰ.

Бұл ұйымдардың басшылығына алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Олар төлемдері кешіктірілген қарыз алушыларды KOKE.KZ, TENGO.KZ, HAVA.KZ платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген", - деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда күшіне енген. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған.

Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған.

"Қарыз алушы Ш. 120 мың теңге несие алып, негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда тек кепіл үшін 446 мың теңге төлеген. Осылайша микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден түскен", - деп жазылған хабарламада.

Бұл заңсыз әрекеттерден жалпы сомасы 30 млрд теңге көлемінде шығын келген. Тергеу жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар