Орталық Азияның жалпы ішкі өнімінің 60 пайызы және өңірге тартылған инвестицияның 70 пайызы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азияның жалпы ішкі өнімінің 60 пайызы және өңірге тартылған инвестицияның 70 пайызы Қазақстанға тиесілі
lada.kz

Орталық Азияның жиынтық ішкі жалпы өнімінің шамамен 60 пайызы және аймаққа шетелден тікелей тартылатын инвестицияның 70 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Корея Республикасы" бизнес-саммитінде айтты.

"Орталық Азияның экономикалық дамуы мен өркендеуіне еліміздің қосқан елеулі үлесін осы көрсеткіштен аңғаруға болады. Сапар аясында екі ел арасында сомасы 19 миллиард долларға жуықтайтын 80-дей коммерциялық келісімге қол қойылды. Бұл – құрғақ мәлімдеме немесе қазіргі тілмен айтқанда, қағаз жүзінде қалатын мәміле емес, іске асатын нақты жоспарлар. Қалай болғанда да Үкімет бизнес-жобалардың уақтылы орындалуын жіті қадағалайды. Қазақстан Үкіметі бірлескен жобаларды өз деңгейінде жүзеге асыру үшін корей кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетеді. Ол үшін Қазақстан мен Кореяның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының 2027-2030 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы әзірленеді. Біз инвестициялық ахуалды дәйекті түрде жақсартып, шетелдік инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасап келеміз. Елімізде бизнес бастауға ниетті инвесторларға артықшылықтар ұсынатын Altyn Visa бағдарламасының енгізілуі – маңызды қадамның бірі. Корей кәсіпкерлері, жалпы корей бизнесі осы артықшылықтарды белсенді түрде пайдаланады деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.