Орталық сайлау комиссиясы саяси партия өкілдеріне

Dalanews 05 қаз. 2022 10:02 762

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5-7 қазан аралығында Электоралдық оқыту орталығының базасында Қазақстанда тіркелген саяси партиялардың өкілдері үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теориясы мен тәжірибесі» атты оқыту курсын өткізуде.

Ортсайлауком тарапынан спикерлер ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров, Комиссияның мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, Асылбек Смағұлов, сондай-ақ аппарат қызметкерлері болып табылады.

Оқыту курсы саяси партиялардың өкілдеріне Президент сайлауын әзірлеу мен өткізу ерекшеліктерін, ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдерін, кандидаттарды ұсыну мен тіркеудің ұйымдастырушылық-құқықтық рәсімдерін, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыруды, атап айтқанда, кандидаттардың сайлау қорларымен жұмысы және сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелерін түсіндіруге бағытталған.

Семинарда саяси партиялар өкілдері сонымен қатар сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқыту  мәселелерімен, сайлауды ұлттық байқауды жүзеге асырумен, мүгедектігі бар адамдардың  сайлау құқықтарын қамтамасыз етумен, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік мәселелерімен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға енгізілген новеллалармен таныстырылады.

Сондай-ақ семинар барысында саяси партиялардың Қазақстан Республикасының сайлау процесіне қатысуы бойынша тренинг өтеді.

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу кезеңінде электоралдық оқыту жөніндегі жоспарға сәйкес бұдан бұрын республикалық және облыстық жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,   сондай-ақ облыстар әкімдері аппаратының, сондай-ақ  жергілікті атқарушы органдардың қаржылық қызметтерінің  қызметкерлері үшін семинарлар өткізілді.

Сайлау науқаны шеңберіндегі келесі семинарлар өңірлердің  сайлаушылармен жұмыс жөніндегі call-орталықтарының қызметкерлері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, сайлау жөніндегі заңгерлер, сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты ЖАО қызметкерлері, құқық қорғау және сот органдарының, прокуратура органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің жанынан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін көзделді.

Сондай-ақ осы жылдың қазан және қараша айларында Орталық сайлау комиссиясы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Президенттікке кандидаттардың үгіт науқанын реттеу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін және сайлауды ұлттық байқауды жүзеге асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар үшін бірлескен семинарлар өткізу жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар