Түркия мектептері мен ЖОО-ларындағы оқу бағдарламасында "Орталық Азия" атауы "Түркістан" терминімен алмастырылды. Мұны Түркияның ұлттық білім министрі Юсуф Текин Анкарада жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство басшысы мұны түркі әлемінің бірлігін күшейту және империялық атауларды алып тастау мақсатында деп түсіндірді.
Министрдің сөзінше, жаңа термин Түркия тарихына тән ұғымдарды қайтаруға бағытталған және "түркі әлемі" түсінігімен үйлеседі.
Turkish Minute басылымы "Түркістан" Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінің қазіргі шекаралары қалыптасқанға дейінгі түркі халықтарының тарихи атауы екенін атап өтті.
Бұл термин Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, сондай-ақ, Қытайдағы ұйғырлар мекендейтін өңірге қатысты қолданылады.
Айта кетейік, "Орталық Азия" ұғымы XIX ғасырдың соңында еуропалық ғалымдар еңбектерінде пайда болған.
