Орыс тілінің ресми тіл деген мәртебесі бар. Осыны ұмытпайық - Тоқаев

Dalanews 01 қыр. 2021 06:34 1543

Президент Тоқаев қоғамдағы қазақ тілі мен орыс тілінің мәртебесі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Президенттің айтуынша, барлық азаматтар этносаралық және конфессияаралық қатынастардың қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек. Сондықтан Қазақстанда адамды тілі, ұлты, нәсілі бойынша қорлауға, бөтеннің намысына нұқсан келтіруге жол берілмейді.

"Біз заң бойынша жауапқа тартамыз. Конституцияға қарсы мұндай жауапсыз қадамдар елдің негізгі мүдделеріне нұқсан келтіреді. Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл салада нәтиже бар.

Жалпы, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп келеді. Бұл табиғи құбылыс, сондықтан қазақ тілінің өрісі шектеулі деп айтуға негіз жоқ.

Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Оны қолдануға біздің заңнамаға сәйкес кедергі келтіруге болмайды", – деді Мемлекет басшысы.

...

Бұған дейін "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласында президент қазақ тілін білмейтіндерге үндеу жасаған.

"Мәселе - ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты.

Мемлекеттік тілді білу - Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады.


Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда "Ештен кеш жақсы" деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек", - деген-тұғын Тоқаев.

https://dalanews.kz/del-qazir/67239-ol-gruziiaga-qashty-resey-basylymda

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар