Оралдың бас жоспары көшірме болып шықты: әкім орынбасарына сөгіс жарияланды

Көркем Алдабергенова 28 шіл. 2025 15:10

Орал қаласының 250 миллион теңгеге әзірленген жаңа бас жоспары басқа қалалардың құжаттарынан көшірілгені әшкере болды. Анықталған олқылықтардан кейін қала әкімінің сәулет және құрылысқа жауапты орынбасары Азамат Халелов тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоспардан тек Орал емес, Қарағанды мен Семей қалаларының атаулары да табылған. Қала әкімдігінің хабарлауынша, құжаттағы олқылықтарға тікелей жауапты маман сөгіс берілместен бұрын жұмыстан шығып кеткен.

Ал әкім орынбасары Азамат Халелов мұны "техникалық қате" деп түсіндірді. Оның айтуынша, жобаны әзірлеген мамандар өзге қалалардың жоспарларымен қатар жұмыс істеп жүріп, құжаттарды шатастырып алған.

15 шілде күні өткен қоғамдық тыңдауда бұл сәйкессіздікті қала тұрғыны Данил Макатуха байқаған.

Жобаны «Grado» ЖШС 250 миллион теңгеге дайындаған. Әкімдіктің айтуынша, жоба аясында нақты жұмыстар жүргізілген: топографиялық өлшеулер жасалып, инфрақұрылымға талдау жүргізілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар