Оралда "Talpyn" мүмкіндіктер алаңы шарасы өтті

Ақтоты Жапатова 02 мау. 2025 10:18

Оралда "Talpyn" мүмкіндіктер алаңы" атты шара өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жәрмеңкенің маңызын атап өтті.

"Халықтың әл-ауқатын көтеру, оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау - әрқашанда қоғамдағы өзекті мәселе. Әсіресе, азаматтарымыздың жұмысқа орналасуына мемлекет тарапынан қолдау білдіру - Мемлекет басшысының басты назарында. Біз осы ретте, өңір тұрғындарын жұмысқа орналастыру мен мемлекеттік бағдарламалардың игіліктерін түсіндіру мақсатында "Talpyn" мүмкіндіктер алаңы шарасын ұйымдастырып отырмыз",- деді облыс әкімі.

"Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне" 79 жұмыс беруші қатысып, 1282 бос жұмыс орнын ұсынды.

Олардың қатарында: КПО, «Кублей», «Uniserv», «Зенит» зауыты секілді ірі мекемелер мен жеке кәсіпкерлер және мемлекеттік мекемелер бар.

Сонымен қатар, Жұмысшы мамандықтары жылы аясында облыс көлемінде жыл басынан қазіргі уақытқа дейін  22 бос жұмыс орындары жәрменкесі ұйымдастырылып, оған 368 жұмыс беруші қатысты.

Нәтижесінде  118 жұмыс іздеуші тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы мен «Бір ауыл бір өнім» жобаларына өнімдері сауда-саттық алаңында қойылып, сатылды.

Талпын жобасы – еңбекке қабілетті азаматтардың әлеуетін арттырып, өңір дамуына серпін беретін үлкен қадам.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар