Оралда блогер шенеуніктерден ақша бопсалағаны үшін сотталды

Сағыныш Сардарова 26 ақп. 2026 11:51

Оралда блогер шенеуніктерден ақша бопсалағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Блогер Айболат Бөкенов үш жыл орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда жазасын өтейді. Сот оны алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Айыптау нұсқасына сәйкес ол әлеуметтік желідегі парақшасын жергілікті билікті сынау арқылы танымал еткен. Мәліметке сүйенсек, кейін жарияланған жазбаларды өшіру үшін және басқа да мақсаттарда шенеуніктерден ақша талап еткен. Бұл іс бойынша аудан әкімдері мен департамент басшылары жәбірленуші ретінде танылған.

Сот барысында Айболат Бөкенов кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, алынған қаражаттың бір бөлігін бәс тігуге жұмсап, ұтылып қалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove