Орал әкімі отставкаға кетті

Қаракөз Амантай 22 шіл. 2024 15:30 2083

Орал әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті. Бұл туралы әкім өзінің жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Айтуынша, мұндай шешім қабылдауына денсаулығы әсер еткен.

Мен үшін бұл қызметте екі жылдан астам оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс істеу үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді. Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім, - деп жазды Сатқанов.

Ол әкімдіктегі барлық салада жұмыс жолға қойылғанын айтып өтті.

Жаңадан тағайындалатын қала әкімі ағымдағы жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін, - деп жазды ол.

Миржан Сатқанов қала әкімі қызметін 2022 жылдың сәуірінен бастап атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар