Түркістан облысында жол үстінде торт әзірлемек болған жұп жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сарыағаш ауданында қозғалыстағы көліктің люгінен шығып, жол үстінде торт жасаған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Қауіпті кадр полицияның назарына ілініп, тәртіп сақшылары KIA Ceed көлігін және оның жүргізушісін жедел анықтаған.
"Тексеріс барысында көлікті 36 жастағы ер адам - әйелдің жұбайы басқарғаны, ал 35 жастағы әйел люктен шығып, торт жасағаны белгілі болды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған ерлі-зайыптыға тиісті әкімшілік шаралар қабылданды", - деп жазылған хабарламада.