Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлердің Білім басқармаларына шүйлікті

Сағыныш Сардарова 11 ақп. 2026 11:50

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлердің Білім басқармаларына шүйлікті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр өңірлер арасындағы білім сапасының алшақтығы туралы айтып, кейбір облыстар артта қалуына қатысты сыни пікір білдірді. 

"Өкінішке қарай, арамызда білім сапасын оқушының терең білімімен емес, атқарылған жобалар санымен өлшейтін менеджерлер әлі де бар. Бізге қағаз жүзіндегі есеп емес, шәкірттің шынайы жетістігі мен білім деңгейі өскені қажет. Сол себепті өңірлерде қалыптасқан жағдайды бүкпесіз айтып, оны шешудің жолдарын бірге іздестіргенде ғана нәтиже болады", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрлік мәліметінше, мектеп директорларының басқарушылық дағдысы төмен болуы білім жүйесінің сапасына тікелей әсер етіп отыр.

"Оған қоса мектеп ішіндегі корпоратив мәдениет төмендеуіне әкеп соғып жатыр, мұндай мектептерде мұғалімдердің мазасы қашып, орталыққа хат жазуы жиілеп кеткен. Қазір ел аумағындағы мектептерде 490 мектеп директоры лауазымы бос тұр", - деп жазылған хабарламада.

Мектеп басшылары Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды обыстарында жетіспей жатыр. 2025 жылы директорлыққа үміткерлердің 21 пайызы ғана тестілеуден өткен. Жиында директорлар жетіспейтін өңірлерге білікті мамандарды басқа аймақтардан тарту мүмкіндігін қарастыру жайы да айтылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove