Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне Талғат Баратбеков тағайындалды.
Талғат Қожанұлы Баратбеков 1973 жылы туған. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби аудандық сотында сот орындаушысы болып бастаған. Ол Оңтүстік Қазақстан облыстық және Алматы қалалық әділет басқармаларында бөлім басшысы, Алматы облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облыстық арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, Шымкент қаласындағы Абай аудандық сотының, Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымдарын атқарған. 2009 – 2016 жылдар аралығында ҚР Бас Прокуратурасы басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Алматы облыстық соты сот коллегиясының төрағасы болған. 2016 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотында судья қызметін атқарып келді.
Осыған дейін Бәйдібек аудандық сотын басқарып келген Әбдіғаппар Бекбатыров Шымкент қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болып тағайындалды. Ал Бәйдібек аудандық сотының төрағасы қызметін осыған дейін Түлкібас аудандық сотының судьясы болған Ермек Қарақұлов атқаратын болды.
Ал Отырар аудандық сотының төрағасы болып бұған дейін осы ауданның судьясы болып қызмет еткен Әкімбек Жанасов тағайындалды.
Облыстағы кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы қызметін Қанатбек Қоңырбаев атқаратын болды.