ОҚО Арыс қаласында мүгедек балаларға қолайлы жағдай жасалды

Dalanews 13 мау. 2017 05:49 680

Мемлекет басшысының бес тұғырлы реформаны жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары – «100 нақты қадамда» мұқтаж жандардың әлеуметтік бағдарламаларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету айтылған.  Мәселен, 84-қадамда бұл бағыттағы жұмыстары оңтайландыру жүктелген. Елбасының тапсырмасын іске асыру мақсатында Арыс қаласында «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі жанынан мүгедек балаларға арналған күндізгі қатынау  бөлімшесі ашылды. Бөлімшеде 50 балаға  әлеуметтік  қызмет  көрсетілетін болады. Бұл туралы "Ойнет" сайтына сілтеме жасап, dalanews.kz сайты хабарлайды.

Ашылған бөлімшенің жұмыс барысымен қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Исабеков, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Исламбековтер танысты.

Сондай-ақ, «Үйде  әлеуметтік  қызмет көрсету»   коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде   сәуір  айынан  бастап қаладағы 110 жүріп-тұруы  қиын  І топтағы  мүгедектерге,  18  жасқа  дейінгі  мүгедек  балаларға    «Инватакси» қызметі   көрсетілуде.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жайылған дастархан мәзірінде шаһар басшысы Мұрат Болатұлы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар тапсырды.

Сонымен қатар мерекелік шара Әл-Фараби орталық алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына және «ЭКСПО-2017» халқаралық көрмесіне орай бүлдіршіндердің қатысуымен сурет салу байқауымен жалғасты. Байқау жеңімпаздары қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар