Оңтүстік Кореяның экс-президенті тағы бір іс бойынша өмір бойына сотталды

Көркем Алдабергенова 19 ақп. 2026 12:37

Сот экс-президент Юнды бүлік ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бейсенбі күні сот бұрынғы президент Юн Сок Ёльді 2024 жылы әскери жағдай енгізуге сәтсіз әрекет жасау арқылы бүлік ұйымдастырды деп таныды.

Yonhap агенттігінің жазуынша, Сеулдің орталық аудандық соты іс бойынша алғашқы шешімді шығарып, Юнның әскери жағдай жарияланғаннан кейін парламент аумағына әскер жіберу арқылы Ұлттық ассамблея жұмысына кедергі келтіруді көздегенін мәлімдеді.

Соттың пайымдауынша, экс-президенттің мақсаты заң шығарушы органның қызметін сал қылып, мемлекеттік билікке ықпал ету болған.

Енді сот арнайы прокурорлар өлім жазасын қолдану жөнінде ұсыныс бергеннен кейін Юн Сок Ёльге қатысты нақты үкім шығарады.

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёльге қатысты алғашқы сот үкімі шықты. Ол әскери жағдай енгізуге әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove