Оңтүстік - бірлік бесігі

Dalanews 26 мау. 2017 05:04 747

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары 100 нақты қадамының»  86-қадамында  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады» деп атап өткен болатын.  Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Отырар»  кітапханасында қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған жүздесу өтті, деп хабарлайды oinet.kz сайтына сілтеме жасап dalanews.kz.

Кездесуге  М.Құлкенов, Е.Раушанов, Ж.Қорғасбек, А.Әлімұлы сынды белді қаламгерлер мен облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, «Достық» клубтарының мүшелері, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Елбасы мақаласынан туындайтын негізгі міндеттер мен оны іске асыру жайы қаралған жиында қоғамдық сананы жаңғырту жайы жан-жақты сөз болды. Жиында қаламгерлер ескі сарқыншақтардан ең алдымен оңтүстіктің тазаруы керектігіне тоқталды. Оңтүстік – ұлтымыздың ұйытқысы, береке-бірліктің бастауынан түспеуі керектіне ерекше мән берген қонақтар жаңғырудың жақсы жақтары осы жерден басталуы заңды екенін ерекше жеткізді.

Кездесуді ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов қорытып, облыстық ассамблеясы Елбасы мақаласы аясында атқарылатын игі іс-шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастыратынын жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар