Омар Жәлелдің тоқалы бәйбішесінен кешірім сұрады

Көркем Алдабергенова 13 қаң. 2026 13:21

Омар Жәлелдің бұрынғы әйелі Лязат Мырзаш бәйбішесінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ағаттық бәрімізден болады ғой. Тілімізден тауып, ашуға булыққан кездер болады. Ол кісінің (бәйбішесі) өзіне де жазғанмын. Менің тарапымнан қиыншылық көрсеңіз кешіріңіз деп жазғанмын. Бірақ ол кісі "менен емес, бүкіл әлеуметтік желіден кешірім сұрайсың" деп жазған. Осыны пайдаланып, Омардың бірінші жұбайы Меңдігүлден "егер мен өміріңізге қандай да бір ауыртпалық, қиындық салсам кешірім сұраймын. Бірақ олардың отбасын бұздым деп санамаймын. Барлық жерде бірге жүреді. Менен ағаттық кетсе кешірім сұраймын. Басқа әйелдеріне де кесірім тиген жоқ деп ойлаймын", - дейді Лязат Мырзаш. 

Сонымен қатар, Лязат Мырзаш Омар Жәлелге де үндеу жасады. 

"Ол кісінің бала тәрбиесіне араласпауын бір ғана нәрсе ақтай алады: өндірсін, ел үшін, ғылым үшін өндірсін. Мөп-мөлдір қылып роман жазғым келеді дейтін. Соны жазсын. Балаларды асыраймын, бағамын, күш-қуатым жетеді", - дейді Лязат. 

Еске салайық, бұған дейін Лязат Мырзаш күйеуін сотқа беретінін мәлімдеген еді. 

Лязат Мырзаштың сөзінше, Омар Жәлелді сотқа беруіне оның жазбасы себеп болған. 

"Бәріңіз жарыса таң азанмен жолдаған Омардың постын оқыдым және өз сөзіне өзі жауап бере алмағандығы үшін балалары үшін жауапкершіліктен бас тартып отырғаны үшін сотқа беремін деп шештім. Өз балаларын, менің 9 ай көтеріп, толғатып туған ұрпақты құнсыздандырғаны үшін сотқа беремін-деп шештім. Биыл маскалар шешілетін жыл! Маған жәрдем бере алатын адвокаттар болса жекеге шығыңыз, немесе осында белгілеңіздерші", - дейді Мырзаш. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove