Олигархтардың балаларымен төбелесемін деп түрмеден бірақ шыққан актер үндеу жасады

Көркем Алдабергенова 20 ақп. 2024 17:04 6674

Отандық сериалдар арқылы танылған актер Асқар Жұмабеков оқырмандарына түрмеден хат жолдады. Актердің жазған хаты әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Түн. Тым-тырыс. Түрлі ойлар. Анамды, әкемді, бауырларымды, жақындарымды, сіздерді сағындым. Күйбең тірлік деп жүгіріп жүрсіңдер ме? Иә, бір жағынан тірі адам тіршілігін жасайды. Бұл заңдылық. Бізде де мұнда солай. Бәрі режиммен. Таңның атысы, күннің батысы, қайталанбалы дүние. Бостандықта жүрген кезімді сағындым. Әлі күнге дейін мұнда қалай тап болғанымды ұға алар емеспін. Кеше бір жаңалық естідім. Әлгі, Түркістандағы 5 жасар қызды зорлаған езге 2 жыл условный берді дей ме? Әлде шалыс естідім бе? Қызық, ә?! Менің жағдайыма осынша уақыт. Осының бәрін жұта береміз бе? Жалпы, мені қолдап жатқан адамдардың 80 пайыз әйелдер қауымы. Сіздерге Алла разы болсын! Бауырлар, сіздер ше? Үстемдіктерің қайда? Ел ағалары, сіздер ше? Бір бауырларыңа, қол ұшын созуға жарамай қалдыңыздар ма?", - дейді актер.

Еске салайық, 2022 жылы 28 желтоқсанда Алматыдағы мейрамханалардың бірінде төбелес болды. Төбелестің арасында миллионер Аблазимов пен Идрисовтың ұлдары – Нұрмұхамет Нұғман мен Жармұхамед Аппаз да бар еді. Бұл іс бойынша бес күзетші, диджей және мейрамханаға келген адам күдікке ілінді. Олардың бәрі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның ішінде, актер Асқар Жұмебеков те бар.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар