OLIMPBET бәйгеден Қазақстан Чемпионаты: Жүлде қоры 100 млн теңгеден астам

Dalanews 15 шіл. 2022 16:17 1062

OLIMPBET Қазақстан Кубогы бірінші кезеңінің қатысушылары жарыстың ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

Olimpbet үшін ұлттық спорт түрлерін дамытудың маңызы зор. Елімізде танымал «Қазақстан барысы» қазақша күрес бойынша турнирден кейін бәйгеге үлкен қолдау көрсетілді. 2022 жылы алғаш рет Республика тарихында OLIMPBET бәйгеден Қазақстан Чемпионаты өтуде, ол 5 кезеңнен және финалдан тұрады. Жарыс өтетін аймақтар: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Нұр-Сұлтан қалалары. Чемпионаттың жүлде қоры да таңқаларлық, 100 млн теңгеден асады. Жарыс үш тәртіпте өтеді: құнан бәйге (9 км), топ бәйге (15 км) және аламан бәйге (21 км).

Алғашқы бес кезеңде бірінші орынның жүлде қоры 2 млн бастап, 4 млн теңгеге дейін болса, финалда жеңімпаз 3 млн бастап, 6 млн теңгеге дейін алады.


Екінші орыннан бесінші орынға дейін жеңімпаздарға әр кезеңде және финалда әрқайсысына 100 мыңнан 2,2 млн теңгеге дейін беріледі.

Ежелден-ақ қазақ өміріндегі кез келген оқиғаларда (үйлену тойы, мерейтойлар, т.б.) ат спортымен байланысты іс-шаралар қатар өтеді. Олардың ішінде әрдайым жүйрік әрі төзімді жылқыларды анықтауға мүмкіндік беретін бәйге ойыны ерекше орын алды. Онымен қоса, үлкен қашықтыққа шығар алдында мұндай кішігірім жарыстар жүйрік жылқы үшін қажетті жаттығулардың бірі болды. Қазіргі уақытта бәйге таза спорттық сипатқа ие және бұған жылқышылар, жаттықтырушылар, шабармандар, шөп дайындаушылар, әбзел жасаушылар және басқа да қызметкерлер тартылған. Олардың барлығы да қалай болғанда да, жеңімпаздар үшін дайындалған жүлде қорына сенеді.

«Жүлде қоры әдетте жылқы иесі, жаттықтырушы және шабарман арасында бөлінеді, себебі негізгі жұмыстың барлығы осы кісілердің мойнында. Ақшаның орнына жеңімпаздарға көлік, тоңазытқыш немесе теледидар берілген жағдайда не істеу керек?», – деп ойға батады OLIMPBET Қазақстан Кубогы бірінші кезеңінің қатысушысы Марат Сәбит, оның Роза атты тұлпарына Нұрбол Тоқтаған деген шабарман бәйгеде 15 шақырым қашықтыққа жетекшілік еткен.



 

Қомақты жүлде қоры (100 млн теңгеден астам) жеңімпаздар арасында әділ бөлінеді және турнирдің өту аймағының кеңейгендігі – OLIMPBET бәйгеден Қазақстан Кубогы Чемпионатының басты ерекшелігі де осында, бұл осындай жоғары деңгейде өтіп жатқан Қазақстандағы алғашқы ат жарысы деп сенімді түрде айтуға болады.

Ұлттық спорт түрлерін қолдаудың маңыздылығы қазақ дәстүрін сақтап қалу, дені сау, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, сонымен бірге үлкен экономикалық тиімділік те бар.


Осы саламен айналысатын адамдардың 99%-ы – ауылдық жердің адамдары. Тиісінше, жүлде ретінде берілетін ақша ауыл адамдарында қалады.

Осылайша Olimpbet ауыл шаруашылығының дамуына да ықпал етеді.

«Егер жастарға ауылда істейтін жұмыс табылса, қалаға кететіндердің саны да азаяр еді, себебі қалада жылқы ұстамайды. Ал әр жылқыны кем дегенде, 5 адам баптайды, оларға ол үшін айлық төленеді. Бұл салада жұмыс істейтіндерге келетін болсақ, көбіне жастар айналысады, себебі шабандоздың салмағы бәйге аттары үшін маңызды. Сәйкесінше, бәйге жастарды жұмыспен қамтуға үлкен үлес қосады», – деп сөзін қорытындылады Марат Сәбит.

Бұл ат спортының келешегіне тоқталатын болсақ, бәйге жарыстары Қырғызстанда, Моңғолияда, Қытайда және Ресейде өтіп жатқанын айта кеткен жөн.



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар