Өлім жазасы болмайды: Жапаровты сот қолдамады

Сағыныш Сардарова 11 жел. 2025 09:22

Қырғызстанның Конституциялық соты президент Садыр Жапаровтың өлім жазасын қайтару туралы бастамасын мақұлдамады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жапаров ұсынған өзгерістің басты мақсаты балаларға қарсы аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын енгізу болатын.

Конституциялық соттың ұстанымы

Сот бастамаға баға бергенде оның Конституция талаптарына сәйкестігін, мемлекеттің негізгі құрылымына ықпалын және халықаралық міндеттемелермен үйлесімін ескерген. Конституциялық сот адамның өмір сүру құқығы ең жоғары құндылық екенін атап өтті. 

Шешім

Ұлттық және халықаралық құқық нормаларын ескеріп, Конституциялық сот өлім жазасын конституциялық өзгеріс арқылы қайтару негізгі заңға қайшы және заңдық тұрғыда мүмкін емес деген қорытындыға келді.

Осыған байланысты жоба референдумға шығарылмайды, бастаманы жүзеге асыруға бағытталған барлық рәсім тоқтатылады.

Айта кетейік, Қырғызстанда 17 жастағы қыздың қатыгездікпен өлтірілуі қоғамда үлкен резонанс туғызып, осы оқиғадан кейін президент Садыр Жапаров өлім жазасын қайтару мәселесін көтерген еді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар