– Ольга – қазақ спортының мақтанышы, аты аңызға айналған тұлға. Оның есімі отандық қана емес, әлемдік жеңіл атлетика тарихында да алтын әріптермен жазылып тұр.
Маған Ольга Рыпаковаға салтанатты рәсім кезінде көп жылғы еңбегі мен айтулы жеңістері үшін Алғыс білдіру мүмкіндігі бұйырды. Еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов атақты спортшыға Алғыс хат жолдады.
20 жылдан астам уақыт ішінде ол көптеген марапатқа ие болды, соның ішінде кез келген спортшы жете бермейтін Олимпиаданың алтын медалін иеленді.
2012 жылы Ольга Рыпакова үш рет секіруден алдына жан салмады. Дегенмен, Олимпиада медалі ол үшін жалғыз жүлде емес еді, Бейжіңдегі ойындарда «күміс», ал Риода «қола» медаль жеңіп алды. Былайша айтқанда Ольганың қоржынында Олимпиада медальдарының толық жиынтығын бар.
Ольга сонымен қатар жабық кешендегі жарыстардан Әлем чемпионы және континентальды кубоктың жеңімпазы. Сондай-ақ, ол Азия ойындарының бес дүркін жүлдегері.
Барлық қазақстандық жанкүйердің атынан Ольга Рыпаковаға осы жылдар бойы бізге сыйлағын қайталанбас жарқын эмоциялары үшін алғыс айтқым келеді. Оның өмірінің жаңа кезеңі де спорттық мансабы сияқты жеңісті болуына тілектеспін.
Ольганың ізбасарлары да отандық спорттың дамуына, жеңіл атлетикамыздың жаңа деңгейге көтерілуіне айрықша өз үлестерін қосатынына сенімдімін, – деді министр.