Шешім тергеу изоляторындағы азаптау фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеуге байланысты қабылданған.
Олеся Кексель Ұлттық бюроның (қазіргі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бұрынғы басшысы Талғат Татубаевпен бірге, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігін (АБЭКҚ, бұрынғы қаржы полициясы) басқарған Қайрат Қожамжаровтың ең сенімді серіктерінің бірі саналады.
Айта кетейік, Антикордың экс басшысы (Ұлттық бюро) Талғат Татубаевтың ұсталуымен Нигматуллин-Қожамжаров кланы толықтай күйретіліп, өз өмірін тоқтатты. "Жаңа Қазақстан" сенатор Қайрат Қожамжаровтың алқымына бір табан жақындай түсті.
DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше "Парламенттегі өкілеттілігі біткеннен кейін Қайрат Пернешұлының өмірі қиындай түседі". Татубаевтың түрлі тапсырмаларын екі етпей, резонансті істердің шоқпар тергеушісі болған Олеся Кексель де жақын арада ұсталуы тиіс. Ол да азаптауға қатысты қылмыстық іс орбитасында жүрген.
