Үш айдан бері өгей анадан қорлық көрдім деген 14 жастағы жасөспірім, қорқынышты күндерді еске алғысы келмейді. Диана тамақ жегені үшін де әбден соққыға жығылғанын айтады. Тіпті құл секілді жұмсап, үйдегі барлық шаруаны да жасататын еді дейді. Талай таяқ жесе де Диана бәріне көніп жүрген. Өйткені туған анасы төрт баланы жалғыз өзі асырай алмайды деп ойлаған.
«Бір аптадан асып маған тамақ бермеді, тек қана су мен нан ғана жедім. Кейін ештеңе бермеді. Мені жұлқылап итеріп жіберді. Неге итересің деп едім, кейін жерге жатқызып, белімнен теуіп, денемнің бәрін тырнап тастады. Тұра алмай жатқан едім, шашымды жұлып, қайтып тұрғызып, қайтадан ұрды. Қатты ауырды. Сөйтіп не істерімді білмей больницаға бардым. Олар тексермей, тек жеңіл жарақат деп жазып берді», – деді жәбірленуші Диана ЕСЕНОВА .
Содан соң кішкентай Диана тәртіп сақшыларына шағымданып түсініктеме береді. Алайда кінәлілер жазасын тартқан жоқ деп отыр. Қайта оны үйден қуып жіберген.
"Үйге кірейінші" деп жыладым. "Кіргізбеймін, сенің үйің емес" деп қуып жіберді. Кейін депутатқа бардым, жыладым. Ол әкеме звондап, кіргізсін деді. Кейін бардым үйге, ол маған: "сонымен қорқытасың ба?" деп аузына келгенін айтып тастады. Осыған дейін де шапалақпен ұрған, тамақ та бермейді. Көрмеген нәрсем жоқ», – деді жәбірленуші Диана ЕСЕНОВА .
Осындай қорлыққа шыдай алмаған, Диана Нұр Отаннан көмек сұрайды. Соңында ол кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығынан бір-ақ шығады.
[video width="1280" height="720" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/06/ӨГЕЙ-ШЕШЕСІНЕН-ҚОРЛЫҚ-КӨРГЕН-14-ЖАСАР-ҚЫЗ-ДЕПУТАТТАН-АРАША-СҰРАДЫ.mp4"][/video]
«Диана есімді кәмелетке толмаған жасөспірім 7 маусым күні сағат 16-30 түскен біздің мекемеге. Себебі заңды өкілсіз жүрген үшін. Қыздың үстінде дене жарақаты болмаған, бірақ көкірек тұсында жырылған жерде болды. Қызбен сұхбаттастық, онымен сөйлестік. Содан соң Сарыағаш аудандық білім бөліміне, ІІБ-на хаттар жолданды», – деді ОҚО Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік ұстазы Сәуле ОҢҒАРБАЕВА.
Ал, Диананың туған анасы Рыскүл Жоланова шындықты білген соң, бірден Сарыағаш ауданының ішкі істер басқармасына барып, қызын ұрған өзбек азаматшасына арызданады. Содан соң, Диананы бейімдеу орталығынан шығарып алады. Енді, Рыскүл ханым 14 жасар қызын арнайы медициналық сараптамадан өткізбекші. Айтуынша, Диананың бүйрегіне зақым тиген, сондықтан бірінші кезекте жасөспірімді Нұрсат ықшам ауданындағы балалар ауруханасында емдеуді көздеп отыр. Айта кетейік, Рыскүл Жоланова күйеуімен 2016 жылы ажырасқан. Төрт балалы жалғызбасты ана, оларды жалғыз өзім баға алмаймын деп, екі қызын әкесімен қалдырған.
«Содан кейін мен ажырастым, екі үлкен қызым әкесімен қалды. Ол баста қараған. Кейін өзбек азаматшасы Феруза есімді әйел келді үйге. Мен сенің қыздарыңа ана болам деп кірген. Екі ай үндемеген. Содан кейін менде білмеуші едім, қызым қазір жылап маған келіп отыр... көрсеткен қорлықтарын айтып. 15 жыл тұрған күйеуімнің үндемегеніне таңым бар. Өз балаларын осы орталыққа өткізді. Балалары есейгенше мүгедек болатын болды таяқ жеп...», – дейді Есенова Диананың анасы Рыскүл ЖОЛАНОВА.
Қазір бұл іспен Сарыағаш ауданындағы Ішкі істер басқармасы айналысуда. Оқиға биыл 3 маусым күні Сарыағаш ауданында орын алған.
Дереккөз: kk.tvk-uko.kz
Видео: Youtube-тегі TVK-UKO телеканал парақшасынан алынды.