Өгей қызын өлтірген Балжан Тұрлыбек сотталды

Көркем Алдабергенова 18 нау. 2024 12:08 3495

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбекке қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Судья Ерлан Болатов Алматыда 7 жастағы қыздың өлімі бойынша үкім шығарды. 

"Сот Тұрлыбек Балжанды Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бас бостандығынан айыру мерзімін 2023 жылдың 10 шілдесінен санап, қамауда отырған әр күнді бір жарым күннен есептелсін. 677 мың теңге процестік шығындар және жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК төлем өндірілсін. Азаматтық талап арызды қараусыз қалдырылсын", - дейді судья. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Айта кетейік, былтыр шілдеде Алматы қаласының тұрғыны 7 жасар өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Туыстарының сөзінше, әйел адам қылмыс жасар алдында бірнеше ай бойы баланы ұрып жүрген. 14 шілдеде әйел адам екі айға қамауға алынды. Күдікті белгілі қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек болып шықты.   


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар