Өгей әке қызын төрт жыл бойы зорлап келгені үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Асель Қайратқызы 27 қар. 2025 11:35

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша іс аяқталды. Өгей қызын төрт жыл бойы зорлаған әке өмір бойы бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Dalanews.kz

Зардап шеккен қыздың анасы екінші күйеуімен бірге өмір сүре бастаған кезде, жәбірленуші қыз төрт жаста ғана еді.

Анасының айтуы бойынша, бірнеше жылдан кейін екінші бала дүниеге келді, алайда отбасылық өмір қиындықтарға толы болды. Әйелдің айтуынша, күйеуі арақ ішіп, жиі қол көтеретін болған. Қызы 9 жасқа толғаннан кейін, өгей әкесі қызға тиісе бастады.

Әйел жұмыс істеп, жүрек ауруына байланысты емделіп жүрген, сол себепті үйде жиі бола бермейтін.

«Сол кезде мен қызымнан өзгерістерді байқай бастадым: оның тәбеті болмай, аз ұйықтайтын. Кейде мен оны төсектің шетінде отырып, тізесін қысып, бір нүктеге қарап отырғанын көретінмін. Мен оны көп рет сөйлесуге шақырып, не болғанын сұрадым. Ол әрдайым жай ғана шаршағанын айтатын. Мектепте де өзгерістер байқалды. Мұғалім мені шақырып, қызым жиі есінен танатынын айтты», – деп еске алады анасы.

Болып жатқан жағдайды ешкімге айтпасын деп, өгей әкесі қызды қорқытып келген: ол ананың ауруын алға тартып, тіпті өлтіремін деп те қоқан-лоққы жасаған. Ананың айтуынша, ол қызға: «Егер мұны анаңа айтсаң, оның жүрегі ауырады, ол сен үшін өледі», «Біреуге айтсаң, анаңды атып тастаймын/ұрып өлтіремін» деген сөздермен қысым көрсеткен. Анасының өмірін қорғауға тырысқан  қыз үндемей жүрген.

Тек 2025 жылдың басында қыз өгей әкесі не істеп жүргенін айтуға бел буып, алдымен тәтеcіне, кейін анасына мән- жайды айтқан еді.

Әйел дереу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазып, қызды сараптамаға алып кетті. Тергеу басталды, ал кейін іс сотқа жіберілді.

Сот талқылаулары шамамен төрт айға созылды. 26 қарашада сот шешім шығарды.

«Сотталушы ҚК-нің 121-бабының 4-бөлімі бойынша «Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер» үшін өмірлік бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол қызға материалдық және моральдық зиян ретінде 5 миллион теңге төлеуі тиіс», – деді Human Rights Lawyers қорының президенті, Adilzange заң кеңесшілері палатасының мүшесі Ляззат Ракишева.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар