Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден озды

Dalanews 17 ақп. 2021 03:36 1288

Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.

17 ақпанда таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті, делінген “Қазақстан” телерадиокорпорациясының ақпаратында.

Нұртілеу Иманғалиұлы “Құрдастар”, “Жастар дауысы”, “Арай”, “Жадыңда ма, жолдас”, “Айна”, “Жас жігер”, “Бетпе-бет”, “Қолтаңба”, “Діңгек”, “Көршілер”, “Заң сөйлесін”, “Nur-Tiley” авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Dalanews.kz порталының ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайығырып көңіл айтады. Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.

Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген.

Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы – Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы».

1977 жылы ҚазМУ-ді бітірген Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған.

Н.Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 35 жылын телевизияға арнаған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар