«Нұрлы жер» бағдарламасы баспана мәселесін шешуде

Dalanews 16 қар. 2018 11:28 887

Түркістан облысында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 730 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды.  Салынған үйлердің арасында көпқабатты және жеке үйлер де бар. Негізінен көпқабатты үйлердің салмағы басым.  

Өткен жылы 233 инвестициялық жоба іске асырылған. Олардың құрылысына ҚР Ұлттық қоры, республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен 66,4 млрд. теңге қаралған болатын.

Биыл облыс аумағында жалпы республикалық және облыстық бюджеттен бағытталған 52,5 млрд. теңгеге жалпы 186 инвестициялық жобаның құрылысын іске асыру жоспарда. Сондай-ақ, өткен жылы жоспардағы 233 нысанның 115-і пайдалануға берілді. Қалған 118 нысан 2018 жылға өтпелі. Ұлттық қордан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 35 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 20 мектеп пайдалануға тапсырылды.

Бұдан өзге, өткен жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын аудандарда жүргізу үшін инженерлік коммуникацияларға жалпы сомасы 8,9 млрд. теңгеге 21 нысанның құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 8 нысан пайдалануға тапсырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар