Нұрлан имам биыл да Трамптың таңғы асына барды

Сағыныш Сардарова 06 ақп. 2026 17:47

Имам Нұрлан Байжігітұлы биыл да Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасына барды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74-ші таңғы ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас - биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, алар асуы шыңдар болып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат", - деді ол.

Айта кетейік, танымал имам былтыр да Вашингтонда өткен қайырымдылық таңғы асына қатысты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove