Нұрайдың өліміне қатысты істен кейін ІІМ ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 03 ақп. 2026 10:58

ІІМ сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу – сталкинг.

"Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Бұл бапқа сәйкес 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Сондай-ақ, 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған", - деді ІІМ өкілі.

Заңбұзушылық міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады.

"Өзге адамның "жоқ" деген жауабына міндетті түрде құрметпен қарау міндеттелген.​ Сізге немесе жақындарыңызға қауіп төнсе, үнсіз қалмаңыз, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз. Құқығыңызды біліңіз және қорғаңыз!" - деп ескертті ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove