Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирустың жаңа жағдайлары туралы егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұрын хабарланғандай, 17 наурызда Қазақстан азаматтарынан Нұр-Сұлтанда коронавирустың 14 жағдайы тіркелген.
Оның ішінде 5 адам ауруханада, инфекциялық блокта жатқан болатын. Төртеуі - ҚР бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елдерден келгендіктен, Италия мен Оңтүстік Корея рейстерінен бірден карантинге жабылғандар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, - деді Қисықова.
Тағы бір науқас орташа дәрежелі жедел респираторлы вирустық инфекциялар диагнозымен инфекциялық блокта жатқан. Қосымша тексеруден кейін онда коронавирустың бар екені анықталды. Оның жағдайы - орташа.
Қалған 9 науқас бақылау процесінде қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елдерден келген және олармен байланысқа түскен адамдар тобынан анықталды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Бұл коронавирус жұқтырған 9 адам екі күндей қала тұрғындарының арасында болған, - деді ол.
Олармен байланыста болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.