Пәтерлер әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға берілді. Олара – жетім балалар, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, көп балалы отбасылар. Бірнеше блоктардан тұратын тұрғын үй кешені Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсеков көшесінің қиылысында орналасқан.
– Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы азаматтарымыз үшін жағдай жасауымыз керек екенін айтып келеді. Осындай тұрғын үй алатын мемлекеттік бағдарлама бұрың соңды болмағанды.
Қазір елордада жыл сайын 2 млн шаршы метрге дейін тұрғын үй салынып жатыр, 80%-дан астамы жеке инвестициялар арқылы. Тек осы үйде 400-ден астам пәтер орналасқан.
Келесі жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына орындау мақсатында қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттырамыз, – деді А. Көлгінов.
Мәселен, жалға берілетін тұрғын үйдің иесі Жанна Такенова 2009 жылдан бастап кезекте тұрғанын айтты. «Көршілерімізбен танысып үлгердік, барлығымыз өте қуаныштымыз», – деді.
– Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Бізге берілген пәтер үшін мемлекетке алғыс білдіремін. Мен ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырмын. Қала тұрғындарына айтарым, еш күмәнданбай құжаттарды тапсырыңыздар. Сіздерде пәтер иегері ата аласыздар, – деп атап өтті Ж. Такенова.
Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін құрылыс нормаларындағы қауіпсіздік параметрлерін күшейтуді тапсырды. Осылайша, жаңа үйдің барлық пәтерлерінде терезелерді бекітуге арналған құрылғылар орнатылған.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту шеңберінде ТК салу үшін негізінен отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланып, өз елімізде шығарылған лифтілер қойылды.
Қала әкімі Алтай Көлгінов көктем басталысымен аумақты абаттандыру жұмыстары басталатынын атап өтті. Ағаштар отырғызылады, қосымша орындықтар, балалар тренажерлері орнатылады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы елордалықтар жәрдемақы алды. Бұл санатқа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен адамдар кіреді. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде анықталады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшері 4,5 АЕК немесе 11363 теңгені құрайды.