Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасыу кезеңіндегі Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.
Көрме екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Н.Ә. Назарбаевтың жастық шағы» деп аталады. Онда тұңғыш президенттің балалық шағынан сыр шертетін «Жанұя», «Н.Ә.Назарбаев анасымен, әкесімен, жұмыс кезі» т.б көркем суретті басылымдары көрермен назарына ұсынылды.
Ал көрменің екінші бөлімі «Н.Ә.Назарбаевтың саяси қызметі» деп аталып, бұл бөлімде президенттің 60 жылдардың соңынан басталған саяси өмірін баяндайтын жәдігерлер паш етілді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрме жастарға жағымды әсер қалдырған. Олар көрмені аралап, Елбасы жазған кітаптарды бірден жаздырып оқуға алған.
Сонымен қатар, №48 мектеп-лицейінің кітапханасында да жыл сайынғы үрдіс бойынша Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тұңғыш Президенттің отбасы, жастық шағы, Елбасы жолында жасаған ерен еңбектері туралы кітаптар мен журналдар сөреге қойылды.
Естеріңізге салсақ, 29 қараша күні №86 мектеп-гимназиясында «Қазақ халқының көшбасшысы-Елбасы», ал №37 мектеп-лицейінде «Елбасының елеулі еңбектерінен...» атты кітап көрмелері өткізіледі.