"Нұр Отан" алға деп жүрме...". Айтыскер ақын Ринат Зайытовқа жыр арнады

Dalanews 16 ақп. 2021 09:30 965

YouTube желісінде 2021 жылдың су жаңа айтысының видеосы жарияланды. Онда айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев Ринат Зайытовтың бастық болғанын жырлап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Мақтаумен басталатын айтыс жыры ұсыныс пен сынға да ұласады:

Қызметін - тетардың директоры құтты болсын!

Мүйізден озып бүгін құлақ шықты.

Жаңа директор келгелі көп өзгеріс

Шай орнына беруде шұбат - сүтті.

 

Ел мен жұрт нешетүрлі әңгіме айтып,

Дейді осы биікке оны кім ап шықты.

Ринат Зайытов дегенде кім білмейді

Жұрт дегенде жанарын жылап-сықты.

Бұл сенің өмір бойғы еңбегің ғой

Тұрамын деп қаншама рет құлап шықты.

Айтысына да өзінің шыға алмастан,

Қиындықтың бәріне бір өзі шыдап шықты.

 

Ал ағайын, ендеше, құтты болсын

Туыңды өзің сүйген ұл ап шықты

Алты Алаштың қасына шыға алмап ед

Алатаудың басына бір-ақ шықты!

 

Менің айтып отқаным - ақ тілегі ғой елдің де

Ал құтты болсын жұмысың, парызы осы ердің де

Жұрттар құсап қолыңды, салып қойып тендерге

Жемқорлар құсап жеп жүрме

Бірге болып еліңмен, бәйгеде бірге кеп жүр де

 

Не үшін келдің бұ жерге?

Қазағымның өнерін дамыту үшін келдің бе

Аш жүрген өнерпаздарды, жарыту үшін келдің бе

Депутат, министрлерді қағыту үшін келдің бе

Найн туанның әкесін таныту үшін келдің бе

Не болса да сәттілік, тілеуі осы елдің де

"Братан" алға деп жүргенде, Nur Otan алға деп жүрме...

Айта кетсек, таяуда айтыскер ақын, билікті сынап, оппозициялық көзқарастарымен танылған Ринат Зайытов "Алатау" дәстүрлі өнер театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды. Бұл тағайындауды желідегілердің басым бөлігі өткір сөзді ақынның аузын жабу тәсілі деп бағалаған еді. Кейін өз қызметіне қатысты ақынның өзі де түсініктеме берді.

https://youtu.be/6dWe3jgS4W8

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар