Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі
gov.kz

Қазақстанда келесі жылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер индекстеледі. Бұл туралы Құрылтайда өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Серік Жұманғарин төлемдерді индекстеуге қосымша 739 миллиард теңге қарастырылғанын айтты. Бұл қаражаттың басым бөлігі зейнетақыға бағытталады.

Шенеунік әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды индекстеу міндетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Қазақстанда ең төменгі жалақы 2027 жылы өсуі мүмкін. Серік Жұманғариннің айтуынша, бюджет жобасында әзірге ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге деңгейінде белгіленген.

Үкімет жалақыны көтерудің түрлі нұсқасын қарастырғанымен, олар әзірге бюджет жобасына енгізілмеген.