Нүкенова мен Бишімбаевтың суретін көрсетпек болған адвокаттардың өтініші қанағаттандырылмады

Нүкенова мен Бишімбаевтың суретін көрсетпек болған адвокаттардың өтініші қанағаттандырылмады
Сот отырысында экс-министрдің адвокаттары Бишімбаев пен Нүкенованың Мальдив аралындағы фотосуреттерін қосуды сұрады. Бірақ олардың өтініші қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысында экс-министрдің адвокаттары Бишімбаев пен Нүкенованың Мальдив аралындағы фотосуреттерін қосуды сұрады. Бірақ олардың өтініші қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айыпталушы тараптың адвокаты аталмыш фотосуреттер азаптау туралы айыптарды жоққа шығару үшін қажет екенін жеткізді.

"Олардың жүзінен бәрін байқауға болады", - деп қосты тағы бір заңгер.

Ал жәбірленушінің адвокаты бұл суреттерді қосуға қарсылық танытты.

"Суреттерде ол (ред.Салтанат) сол сәтте бақытты болған шығар. Алайда бұл бізге белгісіз себептермен ұсынылмады (дәлел ретінде - автордың ескертпесі)", - деп атап өтті.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Мальдив аралындағы фотосуреттерін қосудан бірнеше рет бас тартқанын айта отырып, осы әрекеттерімен қазылар алқасын жаңылыстыруға тырысып жатқанын алға тартты.

"Бұл фотосуреттердің қайдан алынғаны белгісіз. Фотосуреттер тамызға дейін түсірілген болуы мүмкін. Біз білмейміз, қорғаушылар бұл туралы айтпады. Біз қазылар алқасына бұл фотосуреттерді беруге қарсымыз", - деп атап өтті прокурор.

Сотталушының адвокаты фотосуреттер 2023 жылдың ақпан айында түсірілгенін айтты. Сот қорғаушының өтінішін қанағаттандырмады.

Айта кетейік, бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр.

2023 жылдың қарашасында экс-министрге өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды. Оған ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылып отыр. Егер қылмысы дәлелденсе, экс-министр 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.