Freedom Inside '26

Нөмірсіз, сағатына 200 шақырымға жуық жылдамдықпен жүрген: Алматыда 20 жастағы жүргізуші ұсталды

Нөмірсіз, сағатына 200 шақырымға жуық жылдамдықпен жүрген: Алматыда 20 жастағы жүргізуші ұсталды
Алматы ПД

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, оны әлеуметтік желіде жариялаған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция жүргізген мониторинг барысында Toyota көлігінің жүргізушісі жылдамдықты сағатына 200 шақырымға дейін жеткізіп, бұл әрекетін видеоға түсіріп, желіде жариялағаны анықталған. Сондай-ақ, көліктің мемлекеттік нөмірі сыртында емес, салон ішінде тұрған.

Алматы полициясы жүргізушіні аз уақытта анықтады. Ол - Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны.

"Жүргізуші көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны және арнайы жарық беру құрылғысын заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті өкілі.