Нобель лауреаты, зерттеу жоғары оқу орны мәртебесі, әлемдік рейтингтер: Әуезов университеті ректоры Дәрия Қожамжаровамен сұхбат

Dalanews 26 жел. 2023 10:47 1073

Биыл Auezov University өзінің 80 жылдығын атап өтіп, зерттеу жоғары оқу орны мәртебесін алды, сонымен қатар Азияның үздік 150 университетінің қатарына енді. Басқарма төрағасы-университет ректоры Дария Қожамжарова 2023 жылғы жұмыс нәтижелері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

- Биыл университетке 80 жыл. Бұл бір адамның ғұмыры. Осы жылдар ішінде Auezov University-дің «өмірі» қалай өзгергенін айтып берсеңіз.

- Университеттің тарихы технологиялық ғылымдардың қалыптасуында, өнеркәсіптің, әсіресе химия саласының дамуында, құрылыс пен құрылыс материалдарының өндірісінде орасан зор рөл атқарғаны үшін де қазақстандықтардың назарына лайық. Университеттің жылнамасы сонау 1943 жылдың маусымында фашизмге қарсы Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде Құрылыс материалдары технологиялық институты болып ашылғаннан басталды.

80 жыл бойы инженерлерді, кейіннен педагогтарды даярлаған университет кадрлық және ғылыми әлеуетті қалыптастырды. Біз бүгінде Auezov University жетекші бірқатар ЖОО арасында лайықты орын алатынын мақтанышпен айта аламыз.


Университеттің қызметі сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, Қазақстанның инновациялық-серпінді дамуы үшін мамандар даярлауға бағытталған.



- Сіздер осымен тоқтап қалмай, алға қарыштай беруді нысанға алған боларсыздар. Университеттің болашаққа жоспары қандай?

ҚР Үкіметінің қаулысымен бізге зерттеу университеті мәртебесі берілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-ны 80 жылдығымен құттықтау сөзінде хабарлады. Біз үшін бұл маңызды және айрықша, өйткені біздің көздегеніміз осы еді.

Бүкіл әлемде зерттеу университеттері жоғары кәсіптік білім берудің жаңа және қазіргі заманғы нысаны ретінде танылған, олар барлық дамыған елдерде ғылыми білімнің негізгі генераторларына айналды. Auezov University өзінің болашағын білім, ғылым және инновациялар өзара тығыз байланысатын зерттеу қызметімен байланыстырады.

Мысал келтіретін болсақ, АҚШ пен Қытайда 100-ден астам зерттеу ЖОО, Ұлыбритания мен Германияда 70-тен астам ЖОО жұмыс істейді және олардың барлығы оқытуды, зерттеуді, ғылыми жаңалықтарды және оларды енгізуді біріктіреді, содан кейін олар инновациялық салаларға айналады.

Мұндай университеттердің бизнес-моделі кәсіпкерлерді қолдауға, профессорлар мен зерттеушілермен ынтымақтастыққа, зертханаларды іске қосуға және коммерцияландыруға және ІРО-ға дейін ҒЗТКЖ-ны тиімді қорландыруға негізделген.


Қазірдің өзінде Auezov University академиялық және ғылыми қызметте тамаша нәтижелер көрсетіп отыр. Соңғы төрт жылда университет ғалымдары химия технологиясы, құрылыс, фуд-инжиниринг, био және нанотехнологиялар салаларында 5 млрд теңгеден астам сомаға гранттық жобалар мен бағдарламаларды іске асырды.

- Біз тек ең мықты және көрнекті университеттер ғана Нобель сыйлығының және басқа да беделді наградалардың лауреаттарын тартатынын білеміз. Auezov University Әлемдік білім шыңына алғашқылардың бірі болып қосылғаны қуантады. Қалай болғанын айтып беріңізші.

Бұл оқиғаның өзіндік тарихы бар. Төртінші жыл қатарынан ғылымды дәріптейтін және әлемдік білімді қолжетімді ететін аса ірі ғылыми-білім беру іс-шарасы - Nobel Fest өткізілуде.

Нобель фестивалі мен Auezov University-дің үйлесімді жұмысының арқасында 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, жасыл экономика саласындағы көрнекті сарапшы Рае Квон Чунг Auezov University-де «Жаңа климаттық экономика орталығын» ашатыны туралы келісімге қол қойылды; бүгінде ол оның штаттағы - Fulltime Professor профессоріне айналды.



Зерттеу университетіне айналған Auezov университеті үшін Нобель сыйлығының лауреатын тарту - жоғары марапат әрі мызғымас бедел екені айтпаса да түсінікті шығар.

Профессор Чунг студенттерге «Климаттың өзгеруі және жасыл экономика» тақырыбында дәріс оқиды, онда сутегі экономикасы, геотермальды және термоядролық энергия, жаңартылатын энергия көздері, электромобильдер, климаттың өзгеруінің себептері мен салдарлары сияқты мәселелерді қозғайды. Сонымен қатар көрнекті тәлімгермен қарым-қатынас жастарды өз елінде өз орнын табуға ынталандырады. Профессор Чунгтың басшылығымен болашақ көшбасшылар үшін жасыл экономика бойынша жаңа MBA инновациялық бағдарламасы әзірленуде. MBA бағдарламасына Нобель сыйлығының лауреаты жетекшілік етеді, жетекші халықаралық профессорлар сабақ беретін болады.

Келесі жылы біз профессор Чунг өңір үшін әзірлеген «Жасыл мақта» жаңа жобасына бастамашы болуды жоспарлап отырмыз. Университет ғалымдары мұндай бастаманы және өсірудің инновациялық әдістері бойынша мақтаның жаңа сорттарын әзірлеуді асыға күтуде. Шетелдік инвестор де бар.

Сондай-ақ профессордың басшылығымен университеттің зерттеушілері ірі халықаралық жоба – «Қалдықтардан энергия алу» жобасын әзірлеп жатыр.

- Бүгінде сіздер еліміздің жоғары оқу орындары арасында жетекші орындардың бірін иеленіп отырсыздар. Сіздің ойыңызша, университеттің жетістіктерді неде?

-  Университеттің ұлттық және әлемдік рейтингтердегі жетістіктері – бұл бүкіл ұжымның қажырлы еңбегінің нәтижесі. Университетте біздің аймақтың зияткерлік элитасы шоғырланған, бұл ғылыми және білім беру процестеріндегі басты факторлардың бірі. Қазіргі уақытта ЖОО-да 16 академик және 15 түрлі академиялардың корреспондент-мүшесі, 4 «Құрмет» орденінің иегері жұмыс істейді. Студенттерге «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының 312 иегері, «Болашақ» бағдарламасының 92 түлегі сабақ береді. Сонымен қатар біздің ғалымдар 7 әлемдік ғылыми жаңалықтардың авторлары.

Бүгінде профессор Чунг университет студенттеріне «Жасыл экономика және климаттың өзгеруі» тақырыбында дәріс оқиды, онда сутегі экономикасы, геотермалдық және термоядролық энергия, жаңартылатын энергия көздері, электромобильдер, климаттың өзгеруі себептері, салдары мен шешу жолдары сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.

- 2023 жыл немен қуантты?

- Осы жылы біз үшін бірқатар бірегей жетістіктерге жеттік. Біз зерттеу университеті мәртебесін алып, университеттің ғылыми саладағы ұстанымын нығайттық.



Біздің ғалымдар орындайтын ғылыми жобалардың көлемі 5 млрд теңге. 2023 жылы 58 бағдарламалық-нысаналы, гранттық, жас ғалымдарға арналған гранттық, химиялық технология, биотехнология, құрылыс материалдары мен конструкциялары, тамақ өнімдерін өндіру, нанотехнология және аграрлық бағыт саласындағы халықаралық және бастамашыл жобалар 1 млрд теңгеден астам көлемде орындалады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе артық.

Сондай-ақ біз академиялық бағдарламаларды белсенді түрде дамытып, жаңа білім беру бастамаларын іске қостық және басқа университеттермен ынтымақтастықты кеңейттік. Бұдан басқа біздің студенттер мен оқытушылар ғылыми және қоғамдық салалардағы түрлі байқаулар мен іс-шараларда өздерін танытты.

Біздің университеттің тағы бір жетістігі: университет базасында отандық электромобильдер мен басқа да электр көлік құралдарын жобалау және жасау, сертификаттау бойынша зертхана аштық. Біздің ғалымдар жасыл экономика талаптарына сәйкес жұмыс істейтін автомобильдердің қозғалтқыштарын электр қозғалтқыштарымен алмастыра отырып, электр көліктеріне айналдыру жөніндегі жұмысты сынақтан өткізді.

Екі электромобиль пен бір электрлік трицикл дайын: «Кемел» электрлік джипі, электр қозғалтқышы бар МВ автомобилі және «Тана» электрлік трициклы. Жұмыс «OQ technologies QAZAQSTAN» өнертапқыштарымен бірлесіп жүргізілді. Қазір біздің ғалымдар 2024-2026 жылдарға арналған Ғылым қорын коммерцияландыру жобаларының байқауына «Тана» трициклдерін шығару жобасын дайындауда.

Аяқталып келе жатқан жылдың соңында біздің университеттің 17 оқытушысы шетелдік ЖОО мен ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өту үшін «500 ғалым» бағдарламасы бойынша гранттарды иеленді.


Бұдан басқа QS Sustainability Rankings 2024 – 2024 жылы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу саласында әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енген қазақстандық ЖОО-лардың арасында біздің университеттің де бар екені студенттеріміз бен оқытушыларымызды қуантады.

Бұл рейтинг университеттердің академиялық, зерттеу және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін халықаралық деңгейде мойындайтынын көрсетеді.


Корпоративтік және академиялық саясат, алқалы органдардың шешімдері, қаржыландыру, шешім қабылдау талданған «Басшылық» блогының критерийлерінде университет азиялық, еуропалық жоғары оқу орындарымен қатар әлемде 297-орынды иеленгенін ерекше атап өткім келеді. Жалпы бұл біздің университет үшін маңызды әрі өнімді жыл болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар