Никол Пашинян бастаған Армения үкіметі отставкаға кетті

Никол Пашинян бастаған Армения үкіметі отставкаға кетті
Никол Пашинян. Фото: Artur Widak/NurPhoto via Getty Images

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бастаған үкімет отставкаға кетті. Бұл шешім ел парламентінің жаңа шақырылымы жұмысын бастауына байланысты қабылданды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Пашинянның мәлімдеуінше, Армения Конституциясына сәйкес жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың алғашқы сессиясы өткен күні үкімет өз өкілеттігін тоқтатып, отставкаға кетуге тиіс.

Арменияның тоғызыншы шақырылымдағы Ұлттық жиналысының алғашқы отырысы 2 тамызда басталды. Осыған байланысты үкіметтің отставкасы конституциялық рәсім аясында жүзеге асырылып отыр.

Енді Армения президенті парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр қызметіне тағайындайды.