Илон Маск Neuralink компаниясы алдағы 6-12 ай ішінде көру қабілетін қалпына келтіруге арналған алғашқы импланттарды орнатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, бұл технология туа біткен зағип адамдар көруіне мүмкіндік беруі мүмкін.
"Алдағы 6-12 ай ішінде көру қабілетін қалпына келтіруге арналған алғашқы импланттарды орнатуды жоспарлап отырмыз. Тіпті адам туғаннан бері мүлде көрмесе де, оның көру қабілетіне тікелей әсер ете аламыз. Соның нәтижесінде ол көре бастайды", - деді Маск.
Сондай-ақ, ол бұл технологияның мүмкіндігі мұнымен шектелмейтінін де айтты.
"Бұл - тек бастамасы. Болашақта адамдар Ultra HD сапасында көріп, инфрақызыл және ультракүлгін диапазондарды, тіпті радар арқылы да көре алады. Яғни, шын мәнінде суперқаһарманның мүмкіндігіне ие болады", - деді Илон Маск.