Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті

Сағыныш Сардарова 13 қаң. 2026 13:18

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәли Әлиевтің меншігіне өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Азаттық" радиосы мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы оның жиені Нұрәли Әлиевке қарасты технологиялық компанияға өтті. Бұған дейін ол экс-президентке қарасты қордың меншігінде болған.

Үшқоңыр резиденциясы 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен. Сарай ресми түрде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіреді.

Нұрәли Әлиев – Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның ұлы.

Азаттың радиосының жазуынша, жылжымайтын мүліктің Нұрәли Әлиевтің құрылымдарына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.

Forbes есебінше, Нұрәли Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 млн доллармен 39-орынға тұрақтаған. 2025 жылы ол елдегі байланыс саласындағы ірі активі "Транстелекомды" сатқан. Жақында Instagram парақшасында туған күнін тойлап, адамдарға рухани тәлім беретін жоба бастағанын мәлімдеген еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove