Назарбаевтың күйеубаласы иеленген зауыт мемлекет меншігіне өтті

Dalanews 29 мау. 2022 03:47 866

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан GPC Investment компаниясы республикалық меншікке өтеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

«GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын» делінген қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, «GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты текшесіне 1,15 миллиард метр газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы.

«Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты GPC Investment компаниясы "QazaqGaz" ҰК" АҚ балансына беріледі.

Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді» дейді үкіметтегілер.


Қашағандағы «GPC Investement» ЖШС газ өңдеу зауытына экс-депутаты Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев басқарып, иелік еткен-ді. Енді зауыт мемлекет меншігіне өтті.

Қайрат Шәріпбаев Қашағандағы жаңа зауытты мемлекет есебінен аяқтағысы келген еді. Бірақ ол ойы іске аспады.

Шәріпбаев «NCOC-тен ілеспе газды жеткізу туралы келісім мен Қазақстанның Даму банкінен (ҚДБ) газ өңдеу зауытын салуға несие алған.


Айта кетейік, ҚДБ өз кезегінде аталған газ өңдеу зауытының құрылысын синдикатталған қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, ал NCOC қазірдің өзінде мұнай құбырынан газ құбырын тартуға 50 миллион доллардан астам қаражат «Болашақ» кешенді мұнай-газ өңдеу қондырғысы салынып жатқан газ өңдеу зауытына бөлгенін мәлімдеген болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар