Назарбаевтың билігін ұзарту үшін референдум ұсынған ректор Тоқаев туралы кітап шығарды

Dalanews 17 қаң. 2024 05:03 1311

Назарбаевтың билігін ұзарту үшін референдум ұсынған Ерлан Сыдықов Тоқаев туралы кітап шығарды деп жазады Dalanews.kz Ulys телеграм арнасына сілтеп.

Арна мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болған 2019 жылы оның кітабы бір апта ішінде түрікшеге аударылған. Енді оған арналған кітап шығып отыр.

"Назарбаев дәуірінде жағымпаздық академиясы құрылғанда мүшелерінің санынан жаңылар едік. 2011 жылы сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту үшін референдум өткізу мәселесі көтерілді.

Бастамашы сол кезде Семей мемлекеттік университетінің ректоры болған - Ерлан Сыдықов.


Бастамашы топ 9 күнде 2 миллион 600 мыңдай адамның қолын жинағандарын жариялаған. Сөйткен Ерлан Сыдықов содан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мызғымас ректоры. Жақында ресейлік Сергей Селиверстовпен бірге ЖЗЛ сериясынан “Касым-Жомарт Токаев” деген кітап шығарыпты..." - деп жазылған Ulys телеграм арнасы мәліметінде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар