Freedom Inside '26

Назарбаевқа қатысты танымал видеоның "шындығы" ашылды (ВИДЕО)

Назарбаевқа қатысты танымал видеоның "шындығы" ашылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың жағажайда жүгіріп бара жатқан видеосына пародия жасау тренді кеңінен тарап жатыр. Дегенмен көпшілік бұл кадрлардың нақты қай жерде түсірілгенін біле бермейді, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогер Февралев аталған видеодағы орынды анықтауға тырысқан. Оның айтуынша, кадрлар Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы әйгілі Копакабана жағажайында түсірілген болуы мүмкін.

Блогер бұған дәлел ретінде видеода Назарбаевтың артқы жағынан көрінетін төбелер мен жағажай маңындағы ғимараттарды көрсеткен.

Желі қолданушылары бұл ақпаратты әзілмен қабылдады. Бірі "енді қазақтар осы трендті түсіру үшін Бразилияға баратын болды" десе, енді бірі блогер туристік нысанды жарнамалағаны үшін ақы алуы керек деп қалжыңдады.

Кейбір қолданушылар видеоны бұрыннан білсе де, оның Бразилияда түсірілгенін алғаш естіп отырғанын жазды.

"Бұл видеоны талай рет көрдім. Бірақ Түркияда түсірілген шығар деп ойлап жүр едім. Сөйтсем, мүлде басқа жер екен", – деп пікір қалдырғандардың бірі.

Айта кетейік, Копакабана – Рио-де-Жанейроның ең танымал жағажайларының бірі. Ұзындығы шамамен 4 шақырым болатын бұл орын әлемдегі белгілі туристік нысандардың қатарына кіреді.

Копакабанада жыл сайын ірі мерекелік шаралар, концерттер және көпшілік жиналатын түрлі мәдени іс-шаралар өтеді. Әсіресе Жаңа жыл мерекесінде бұл жағажайға миллиондаған адам жиналатыны айтылады.