Қазақстанда әуежайлардағы авиакеросин бағасына қатысты мәселе көтерілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстанда авиакеросин өндірілетініне қарамастан, әуежайларда оның бір тоннасы шамамен 1200 АҚШ долларынан сатылып отыр. Нарықтағы негізгі маржа шамамен 330 доллар делдалдардың үлесіне тиеді. Сонымен қатар, ірі әуежайлар өзге жеткізушілер үшін жабық күйде қалып отыр.
Дереккөздердің мәліметінше, кейбір трейдерлерге ықпалды тұлғалардың қолдауы көрсетілгені туралы ақпарат бар. Атап айтқанда, бірқатар трейдер Әнипа Назарбаевамен байланысы бар деген дерек айтылады. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, қалыптасқан жағдай авиакеросин бағасының негізсіз өсуіне алып келіп, әуе тасымалы нарығына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты делдалдарды нарықтан ығыстырып, авиакеросин айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту қажет деген ұсыныс айтылуда.
