Назарбаев: «Қазақстанда әйел президент болуы әбден мүмкін»

Dalanews 17 мау. 2016 10:19 754

Петербургте өтіп жатқан 20-шы Халықаралық экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаевқа "болашақта Қазақстанды әйел адам басқара ала ма?" деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесудің модераторы, CNN жүргізушісі Фарид Закария АҚШ-тағы алдағы сайлауды айта отырып, Қазақстан Президентіне сұрақ қойды.

«Америка АҚШ-ты әйел президент басқаратын жағдайға дайын ба? Мен сіздің премьер-министрдің орынбасары қызметіне әйел адамды қойғаныңызға назар аударып отырмын. Қазақстанды әйел президент басқаруы мүмкін деп ойлайсыз ба?», – деп сұрады кездесу модераторы Нұрсұлтан Назарбаевтан.

«Қазақстанда әйел адам президент бола алмайды деп кім айтты? Әбден мүмкін. Қазақстанда халықтың 51 пайызы - әйелдер. Гендерлік саясат қалыпты дамып жатыр. Парламенттегілердің 30 пайызы - әйелдер. Үкімет құрамында бірнеше әйел бар. Сондықтан әбден мүмкін, соған дайындалған әйелдер де бар. Үш қызым бар, сондықтан мен әйелдерге ерекше көзқарастағы адаммын», – деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар