Навальныйдың өлімі: Оппозиционердің жақтастары мен Кремль не дейді?

Сағыныш Сардарова 17 ақп. 2024 16:48 2729

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды. Оның командасы мен Кремль бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның баспасөз хатшысы Кира Ярмыш әлеуметтік желіде әлі расталған ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

"Ямало-Ненецк округіндегі Федералдық қылмыстық атқару қызметі Алексей Навальныйдың ИК-3-те қайтыс болғаны туралы хабар таратып жатыр. Бізде бұл туралы әзірше расталған ақпарат жоқ. Алексейдің адвокаты қазір Харпқа ұшып барады. Бізге қандай да бір ақпарат түссе, оны хабарлаймыз", - деп жазды Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш.

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальныйдың қазасына не себеп болғанын білмейтінін мәлімдеп, мамандар анықтауы керек деп қысқа қайырған.

"Дәрігерлер анықтауы керек", - деді ол.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, №3 түзеу колониясында отырған сотталушы Навальныйдың кенет жағдайы нашарлап, есін жоғалтқан. Кейін оның көз жұмғаны белгілі болды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар