Наурыздың басында ауа райы қандай болады?

Наурыздың басында ауа райы қандай болады?
ЖИ: Dalanews.kz
Наурыздың басында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер наурыздың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көктем келгенімен, қыстың аязы басылмай тұр. Антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпал етеді, жауын-шашын жаумайды, десе де аяз сақталады.

Тек 2 наурыздан бастап циклон еліміздің батыс өңірлеріне жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, оңтүстік аймақтарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр, жел күшейіп, осыдан кейін ғана ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.